Новости
Волейболдан Талдықорған қаласының ашық турнир
- Подробности

Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың қаңтар айының 12 жұлдызы күні волейболдан Талдықорған қаласының ашық турнирі № 10 және № 17 орта мектептерінің спорт залдарында өткізілді. Осы турнирдің басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік- денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дәрі -дәрмектерімен ойын басталып аяқталғанына дейін толықтай кезекшілігін атқарды.
Қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында Алматы облысының чемпионаты
- Подробности

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 12-13 жұлдызы күндері Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында Алматы облысының чемпионаты "Өркен" спорт кешенінде өткізілді.
"Жастар" спорт сарайында және "Өркен" спорт кешенінде Қазақстан республикасының қысқы чемпионаты басталды (2)
- Подробности

2019 жылдың қаңтар айының 5-10 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласы "Жастар" спорт сарайында және "Өркен" спорт кешенінде 2001-2002,2003-2004,2005-2006 ж.т. жастар мен жасөспірім қыздар командалары аралығында Қазақстан республикасының қысқы чемпионаты басталды. Осы чемпионаттың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қажетті дәрі дәрмектерімен ойын басталып аяқталғанына дейін толықтай кезекшілігін атқарады.
Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке
- Подробности

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Пейіштен шыққандай пәк періштелердің тілегі қашан да орындалады.
Марапаттау
- Подробности

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызы күні Талдықорған қаласында облыстық спортта дарынды балаларға арналған облыстық спорт интернатында облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының алқа мəжілісі өтті. Мəжілісті басқарма басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жүргізіп, күн тəртібіндегі мəселелермен таныстырды. Жиынның басы Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылаумен басталды. Осы жиынға Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің директоры Нуржаханов Бакытжан Угарович қатысты. Сонымен қатар спортқа еңбегі сіңген жəне облыста спортты өркендетуге атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.