Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызы күні Талдықорған қаласында облыстық спортта дарынды балаларға арналған облыстық спорт интернатында облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының алқа мəжілісі өтті. Мəжілісті басқарма басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жүргізіп, күн тəртібіндегі мəселелермен таныстырды. Жиынның басы Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талқылаумен басталды. Осы жиынға Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің директоры Нуржаханов Бакытжан Угарович қатысты. Сонымен қатар спортқа еңбегі сіңген жəне облыста спортты өркендетуге атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды.