Новости

2019 жылдың наурыз айының 2-4 жұлдызы күндері Талдықорған қаласының "Өркен" спорт кешенінде баскетболдан 2003,2005,2007ж.т. және кіші жастағы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Осы чемпионаттың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік- дене шынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дәрі дәрмектерімен толықтай кезекшілігін атқарады.

1 наурыз күні - Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының бүгінгі таңда жарқын көрінісіне айналды.

2019жылдың 12 ақпан күні Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім беру ғылыми - тәжірбиелік орталығы, Талдықорған қаласы жоғарғы медициналық колледжінің спорт залында, Футзалдан қыздар арасында студенттік лига жарысын ұйымдастыруда.

2019 жылдың ақпан айының 8 жұлдызында "Жастар" спорт сарайында мәдениет және өнер қызметкерлерінің VII спартакиадасы өткізілуде. Облыстық дәрігерлік- дене шынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дәрі -дәрмектерімен чемпионат басталып аяқталғанына дейін толықтай кезекшілігін атқаруда.

2019 жылдың ақпан айының 7-10 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласы "Облыстық спорт интернаты колледжі" ауыр атлетикадан ересектер мен жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты басталды. Чемпионаттың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік- дене шынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дәрі -дәрмектерімен чемпионат басталып аяқталғанына дейін толықтай кезекшілігін атқарада.