1 наурыз күні - Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының бүгінгі таңда жарқын көрінісіне айналды.
Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспанесрінің ақ халатты ардагерлері Сейтмухамет Муфтиханович, Рашида Равильевна, Сауле Коптлеуовна, Карлығаш Какимовна, Зинаида Нурпиейсовна, Риза Байгеримовна сияқты құрметті азаматтарына ақ дастархан жайылып, салтанатты жиын өткізіліп, кұрмет көрсетілді. Ардагерлер тарапынан диспансер ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, рахметтерін айтты !!!