Новости
Жалпықалалық сенбілік
- Подробности

2019 жылдың наурыз айының 30 жұлдызында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке "облыстық дәрігерлік денешынықтыру диспансері" ұжымы бір кісідей атсалысып, таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысты, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін әктеп қарқынды түрде тазалық жұмыстарын атқарды.
"Кочевник трофи"
- Подробности

Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы 2019 жылдың наурыз айының 21-23 жұлдызында, дене шынықтыру - сауықтыру іс шаралары мен 2019 жылға арналған ірі республикалық және халық- аралық жарыстарға арналған бірінғай күнтізбелік жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының трофи рейд "Кочевник трофи" чемпионатының 1 этапын Енбекшіқазақ ауданының, Нурлы кентінің төңірегінде ұйымдастыруда.
Баскетболдан Қазқстан Республикасының чемпионаты жалғасуда
- Подробности

2019 жылдың наурыз айының 25 жұлдызы Талдықорған қаласы Медициналық колледжінің спорт залында және Өркен спорт кешенінде баскетболдан Қазқстан Республикасының чемпионаты жалғасуда.
"Жастар"
- Подробности

2019 жылы 19 наурыз "Жастар" спорт сарайы еркін күрестен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда. Осы жарыста Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің жедел жәрдем бригадасы ,қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен медициналық қызмет көрсетуде.
"Өркен"
- Подробности

2019 жылдың наурыз айының 19-25 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласында 2004-2005, 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан Республикасның чемпионаты басталды. Чемпионат "Өркен" спорт кешені және Талдықорған қаласы жоғарғы медициналық колледжінің спорт залында өтуде. Осы чемпионаттың басталып аяқталғанына дейін "Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің бригадасы қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай қызмет атқарады.