Жаңалықтар
2018 жылыдың қыркүйек айының 5-29 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласында қала күні мерекесіне орай, бірқатар бұқаралық мәдени- спорттық іс шаралар ұйымдастырылуда.
- Подробности

Сонын бірі, кеше өткізілген "Болашақ" стадионында "ZHETYSU CHAMPIONS" Олимпиада , Әлем біріншілігі жеңімпаздарының командасымен "Талдықорған" қалалық әкімшілігінің командасы арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Есептің қорытындысы 2:2. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды
2018 жылдың қыркүйек айының 11 жұлдызы күні Талдықорған қаласының Жетісу стадионында "Жетісу " футбол командасы - "Ордабасы - М" футбол командасын қабылдады.
- Подробности

Еспептің қорытындысы 0:2. Қонақтарды құттықтаймыз. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.
2018 жылдың 6 қыркүйек күні Астана қаласында, «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан құрама командасы УЕФА –ның жаңа турнирінде – Ұлттар лигасында Грузия командасымен ойын көрсетті.
- Подробности

Ойынның қорытындысы бойынша 0;2 есебімен грузиялықтардың пайдасына шешілді. Осы ойынға «Жетісу» КФК-ның ұйымдастыруымен Талдықорған қаласынан 50 жанкүйер барды. Осы жанкүйерлердің денсаулық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің дәрігері Бабайбекова М.Т. қыркүйек айының 5-7 күндері қажетті дәрі-дәрмектерімен іс сапарға жіберілді.
"Болашаққа бағдар рухани жаңғыру"
- Подробности

Елбасының Салауатты өмір салты ұстанымы және "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" мақаласы аясында 2018жылдың 11 қыркүйегі күні "Жастар" спорт сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің VI спартакиадасы өткізілді. Осыспартакиаданың басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.
Ауыр атлетика
- Подробности

Талдықорған қаласы "Жастар" спорт сарайында 2018 жылдың тамыз айының 28 жұлдызынан қыркүйек айының 02 жұлдызы аралығында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды.