2004 жылы 16 сәуірде Алматы облысы әкімінің № 58 қаулысы бойынша «Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері» ашылды.
Алматы облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының 2004 жылы 23-сәуірдегі №130-Л бұйрығымен, диспансердің тұңғыш директоры болып Бекмуханбетов Нұрман Нұратайұлы тағайындалды.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы №12-Ж бұйрығымен МКҚК «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» директоры ретінде Қалдыбаев Қанат Зекенұлы тағайындалды.
2013 ж. 18-қарашадағы № 357 Алматы облысы әкімдігінің Қаулысы бойынша және Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы 2013ж. 3-желтоқсандағы № 557-Н «Облыстық медициналық мекемелердің атауларын өзгерту туралы» бұйрығымен МКҚК «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» - Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.
2016 жылғы 12 қаңтардан бастап, «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің №16-Ж бұйрығымен Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры ретінде- Нұржаханов Бақытжан Угарұлы тағайындалды.
Диспансердің мекен жайы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 66-үй.
Диспансер ШЖҚ «Қалалық емхана»МКК -ның 4-ші қабаты, 312 шаршы метр ауданын жалға алып отыр.
Диспансерде спортпен шұғылданатын спортшыларды бақылайтын 3-бөлімше бар. Төрт орынды физио бөлімі, сылап сипау кабинеті, емдік дене шынықтыру бөлімі толық жұмыс істейді. Зертхана бөлімінде спортсмендердің толық анализдерін өткізуге мүмкіншіліктер бар. Диспансерде сегіз түрлі мамандықтағы медициналық қызметкерлері спортмендерді тереңдетілген медициналық тексеру жүргізеді және жан жақты көмек көрсетеді.
Бас есепшісі Жұмағалиева Зинаида Нүрпейісқызы, аға аяжаны Қыдырбекова Шолпан Кенжебайқызы, шаруашылық бикесі Абзелбаева Гүлшарат Настайқызы, физио бөлімі аяжаны Усанова Сәуле Көптілеуқызы диспансердің алғашқы ашылған күнінен еңбек етіп келеді.
ШЖҚ «Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» МКК-ның Негізгі көрсеткіштері
Диспансердің жұмыс кестесі сағат 08.00- 18.00-ге дейін.
Облыс бойынша қызмет көрсететін спортшылардың саны 30000 жуық, оның ішінде 8523 спортшылар біліктілік санатты: спорт шеберіне үміткер, спорт шебері, халықаралық спорт шебері, еңбек сіңірген спорт шеберлері. Олар жаттықтыру өткізетін жерлері: «Жастар», «Өркен» спорт кешені, «Жетысу», «Болашақ» стадионы, Хоккей клубы «Бесарыс», «Арлан» каратэ клубы, «Олимп» регби клубы, садақ ату, «Еңбек» спорт комплексі . Қалада 15 спорт мектептері және спортқа дарынды балалар мектеп интернаты бар. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, Алакөл ауданында «Лепсинск» спортқа дарынды балалар мектеп интернаты ашылды.
Спорт мектептерінде ай сайын бөлімше дәрігерлері мен медбикелер аурудың алдын-алу шаралары туралы кездесулер мен әңгімелер жүргізеді.
Халықаралық, Республикалық, Облыстық, қалааралық жарыстар бойынша өткізілетін шараларда диспансердің дәрігерлері мен медбикелері алғашқы көмек көрсету қызметін толығымен атқарады.
Спортшылармен жұмыс кезінде санитарлық-ағарту жұмысы жайына көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын спорт мектептеріндегі жасөспірімдер арасында «Ішімдікке салынудың алдын-алу шаралары» тақырыбында онкүндік сабақ өткізілді. Сонымен қатар «Ішімдіктің адам ағзасына келтірер зияны» атты бейне ролик көрсетілді. 16-шы қараша мен 26-шы қараша аралығында спортшылар арасында «Өмірге шылымсыз қадаммен» деген ұранмен онкүндік өткізілді. 16-шы қараша мен 16-шы желтоқсан аралығында «ЖҚТБ/ АҚТҚ» тақырыбында аурудың алдын-алу шаралары жөнінде айлық семинар өткізілді.
Жыл бойы дәрігерлер мен медицина қызметкерлері арасында «Жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулар», «ЖҚТБ-болашаққа қауіп», «Тұмау», «Ауыз қуыс тазалығы», «Ішек таяқшалары» және т.б көптеген аурулардың алдын- алу шаралары туралы сабақтар жүргізіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары жалғасуда.
Ұжымның өндірістік саласы
Диспансер- спортпен шұғылданатын спортшыларды медициналық бақылау мақсатында мамандандырылған емдік, алдын-алу орталығы болып саналады.
Мынадай салаларды қамтиды:
- Әдістемелік-ұйымдастыруды басқару
- Спортпен шұғылдананатын спортшылардың дәрігерлік тексерілуі
- Диспансерлік құрамдағы спортшыларды қадағалау
- Жаттықтыру жиындарда дәрігерлік-педагогикалық тексеруден өткізу
- Сауықтыру, емдеу және алдын-алу шараларын жүргізу
- Спорттық шаралармен жарыстар өтетін мекемелерде тазалық-ағарту жұмыстарын жүргізу
- Жарыстың барлық түрлерінде медициналық қызметкерлерімен және бұйымдарымен қамтамасыз ету
- Спорттық жарақаттардан алдын-алу шаралары
- Спортшылар арасындағы науқастықты талдау
Диспансерде аурулық процесс салдарынан ағзаның физиологиялық қалыптан тыс ауытқуын анықтау мақсатында спортшылар жыл сайын тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді. Сондықтан, спортшылар мынадай мамандандырылған дәрігерлерден тексеруден өткізіледі: терапевт, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, оташы, акушер-гинеколог, тіс дәрігері, кардиолог, жүйке жүйесі дәрігері.
Міндетті түрде тексеріледі: ЭКГ, ЖҚА, ЖЗА, микрореакция.
Спортшылар науқастанған жағдайда диспансерге күнделікті келіп қаралып, емделіп отырады.
Ұжымның бөлімшелері
- 3 бөлімше
- Емдік-жаттықтыру бөлмесі
- Уқалау-сипалау бөлмесі
- Зертхана
- Функционалдық бөлме
- Физио бөлмесі
- Емшара қолдану бөлмесі
- Әдістемелік бөлмесі
- Тіркеу бөлімі
- Есепшілер бөлмесі