Талдықорған қаласы "Жастар" спорт сарайында 2018 жылдың тамыз айының 28 жұлдызынан қыркүйек айының 02 жұлдызы аралығында ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды.Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 140-қа жуық зілтемірші қатысады. Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев және Азия ауыр атлетика федерациясының вице президенті Қайрат Тұрлыханов қатысты.Зілтеміршілер бәсекесіне бірқатар танымал спортшылар бақ сынайды.Оның арасында шеттетілу мерзімі аяқталған Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да ел чемпионатында өнер көрсететін болады.Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарады.