Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінде Бас мүфтидің жүлдесі үшін қазақ қүресінен кезекті V Республикалық турниріне іріктеу мақсатында және ауыр атлетикадан спорт шебері, грек-рим күресінен спорт шебері болған имам Рысқұлов Әмірбай Исламжанұлын еске алу мақсатында қазақ күресінен "Орталық мешіт" алаңында облыстық турнир ұйымдастырылды.

2018 жылдың қазан айының 11-12 жұлдызы күні медицина қызметкерлерінің арасында Астананың 20 жылдығына орай спартакиада ұйымдастырылды.

Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар күніне арналған бірқатар іс-шаралар 2018 жылдың қазан айының 6 күні ұйымдастырылды. Осы іс- шараның басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қажетті дари дармегимен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.

2018 жылдың 6-7 қазан күндері Талдықорған қаласы "Жастар" спорт сарайында Аралас жекпе-жек ММА спортынан Алматы облысының чемпионаты өткізілді, Осы чемпионаттың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қажетті дари дармегимен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің ұжымы мұқия тыңдап қолдау білдірді. Жолдауда мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі де көтеруге бағытталған тапсырмалар бойынша айтылды.