Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың сәуір айының 28 жұлдызында "Жастар спорт сарайында, балалар және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында "Zhetysu Cup" каратэ Шинкиокушинкайдан жарыс өткізілді. 

25 сәуір футбол күні. Жанкүйерлерді құттықтаймыз. Осыған орай ОБЖСМ- де футбол күніне орай кіші жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты 25-28 сәуір аралығында өткізіледі.

2019 жылдың сәуір айының 18-24 күндері аралығында Қарағанды қаласында Еркін және әйелдер күресінен 2004-2006ж. жасөспірімдер және қыздар арасындағы ҚР Чемпионаты өткізілуде. Осы чемпионатқа облыс құрама спортшыларын жол жүру және жарыс күндері медициналық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында ОДДТД-нің аяжаны Д.Сейткалымова іссапарға жіберілді. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз

Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі дисапнсерінің бригадасы яғни: бөлім меңгерушісі Какимова К.К. дәрігері Абраманова А.Ж. медбикесі Калыкбекова И.Т.. ағымдағы жылдың сәуір айының 22-24 жұлдызы аралығында жоспарланған кестеге сәйкес, Алакөл ауданы Лепсинск ауылының спорт интеранатына барып практикалық көмек көрсетіп, әдістемелік іс шаралар және медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын атқару негізінде жылына 2 рет іс сапарға шығады.

2019 жылдың 18 сәуірінде волейболдан Қазақстан Республикасының XXVII чемпионатының V тур ойындары мәресіне жетті.