Жаңалықтар

2019 жылдың мамыр айының 07 күні Садақ атудан ересектер арасында ашық турнир өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қажетті дәрі дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай қызмет атқарды.

Бүгін Жетісу төрінде Қазақстанның тұнғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен жастар арасында Халықаралық турнир басталды.

Талдықорған қаласында 2019 жылдың 2-7 мамыр аралығында "Лукодром" регби базасында садақ атудан ересектер арасында ашық турнир ұйымдастырылады.Осы турнирдің аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің қызметкерлері барлық медицина бұйымдарымен кезекшілітерін толықтай атқарады.

2-8 мамыр аралығында Талдықорған қаласында "Шұбар доп" 5-6 сынып оқушылары ұлдар мен қыздар арасында Республикалық "Ұлттық мектеп лига" жарысы Политехникалық колледжің және медициналық колледждің спорт залында өтуде. Осы жарыстың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің қызметкерлері барлық медицина бұйымдарымен кезекшілітерін толықтай атқарады.

Ағымдағы жылдың сәуір айының 28 жұлдызында "Жастар спорт сарайында, балалар және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында "Zhetysu Cup" каратэ Шинкиокушинкайдан жарыс өткізілді.