2021 жылдың қараша айының 6 күні ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатының салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрі Раимкулова Ақтоты Рахматуллақызы қатысты, осыған орай Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің фельдшері Болат Құрманғазы, медбике Қалықбекова Индира Ертанатқызы және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нұржаканов Ақылжан қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.