Елімізде атап өтілетін "10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтары күнімен" "SENIM" Денсаулық сақтау саласы жұмыскерлерін Облыстық дәрігерлік- дене тәрбиесі диспансеріне қарасты кәсіподақ ұйымының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда кәсіподақтың негізгі мақсаты – еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы жұмысын мейлінше жандандыру болып табылады.
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан еңбек адамының әлеуметтік- экономикалық мүдделерін іске асырылған, достық пен ұлтаралық келісім орнаған тұрақты да дамыған мемлекетке айналып келеді. Осы орайда, баршаңызға кәсіподақ жұмыстарының жандануына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айта отырып, төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте мол табыс тілеймін!
Бақытжан Ұғарұлы,
ШЖҚ "Облыстық дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері" МКК директоры
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/959-senim-densauly-sa-tau-yzmetkerlerin-tty-tau.html#sigFreeIdea9bb3369c