Бүгінде еліміз бойынша «Қарттарымызды аялайық» айлығы жүруде.
Осы орайда, жыл сайын ШЖҚ «Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансері» ұжымы да өз Ардагерлерін ардақтап, үлестерін қосып келеді.
2021 жылы 1 қазан күні Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансерінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Қарттар – біздің ең асыл қазынамыз. Олардың өмірлік жолы, мол тәжірибесі мен ақыл-кеңестері, сондай-ақ тәлім-тәрбиесі келешек жастарымыз үшін орны бөлек дүние.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүріміз. Қарттарымыз еліміздің, әр аймақтың дамуына, оның дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосып, қалтқысыз еңбек етті. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын дайындады. Еліміздің бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп, ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетуде. Олардың өмір және еңбек жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына болары сөзсіз.
Іс-шара барысында құрметті ардагерлерге арналып ізгі де игі, ықыласты тілектер молынан айтылды.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!
ШЖҚ «Облыстық дәрігерлік-денетәрбиесі диспансері» ұжымы
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/944-arttaryn-adirlegen-el-arda-ty.html#sigFreeIdaca52a7dd3