2021 жылдың 30 қыркүйек күні Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде және №28 мектеп лицейінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ұстаздар мерекесіне орай арналған шағын футбол, волейбол, үстел теннисінен (ерлер, әйелдер) арасындағы облыстық спартакиадасының өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің медбикелері Тергеусизова Клара Турсыновна, Калиманова Асем Аскаровна және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов Акылжан қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен толықтай кезекшіліктерін атқарды.