Талдықорған қаласында 2021 жылғы 16 қыркүйек күні 4 спорт түрінен (грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таэквондо) «Жастар» спорт сарайында «Жетісу кубогы» бойынша облыстық турнирдің аяқталуына байланысты марапатталу рәсімі өткізілді. Азаматтардың қауіпсіздігіне қамтамассыз ету мақсатында, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Л.Кальменова, медбикелері: М.Байкенжинова, А.Калиманова, К.Тергеусизова қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.