2021 жылдың қыркүйек айының 11 күні Талдықорған каласы, "Жастар" спорт сарайының қосалқы алаңында, футболдан Дін істері басқармасының кубогы өз мәресіне жетті, жабылу салтанатына Алматы облыстық Дін істер басқармасының басшысы Ниетов Бауыржан Амангелдіұлы, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысты.

Осы ойынға байланысты, Облыстық дәрігерлік -  дене тәрбиесі диспансерінің медбикесі Калиманова Әсем Асқарқызы және жедел-жәрдем автокөлік жүргізушісі Нұржаханов Сабыржан Ұғарұлы футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.