2021 жылдың 27 тамыз күні Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараны аша отырып, - Елдің басты құжаты, киелі кітабы саналатын Конституция әр азаматқа өзін жеке тұлға ретінде дамытуға, еркін білім алуға, қалауынша еңбек етуге, рухани және материалдық игіліктерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан да ыстық мекен, жылы ұя, ортақ Отанымыз Қазақстанда өмір сүру – біз үшін зор мақтаныш! Басты Заңымыз баршамызды татулыққа, бір-бірімізге құрметпен қарауға шақырады. Бүгінде Қазақстан беделді, өркендеу жолына түскен, тарихы, тілі, мәдениеті қалыптасқан, әлем картасынан берік орын алған мемлекетке айналды – деп, диспансердің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы өз лебізін білдіріп, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің ұжымын және барша Қазақстан халқын мемлекеттік мерекесімен құттықтады.

Салтанатты іс – шара диспансердің бөлім меңгерушісі Сайра Ербайқызы медицина саласын нығайтуға және Заңға, халыққа адал елеулі үлес қосқан медициналық қызметкерлерді марапаттау рәсімімен жалғастырды.