2021 жылдың тамыз айының 25 күні Талдықорған каласы, "Бесарыс" стадионында, көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді:
«Жамбыл» және «Алматы» әйелдер командалары арасындағы ойынның нәтижесі 9-0 есебімен "Алматы" командасы жеңіске жетті; сонымен қатар «СДЮСШ» әйелдер мен «Алматы» ерлер командалары арасындағы ойынның нәтижесі 1-0 есебімен «Алматы» ерлер командасы жеңіске жетті; сондай-ақ «Қызылорда» мен «СДЮСШ» әйелдер командалары арасындағы ойынның нәтижесі 1-1 тең есебімен ойын аяқталды. Осы ойынға байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің медбикесі Калиманова Әсем Асқарқызы және жедел- жәрдем автокөлік жүргізушісі Нұржаканов Акылжан ойынға қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымғыен толықтай өз кезекшіліктерін атқарды.