2021 жылдың тамыз айының 16 күні Талдықорған каласы, "Жетісу мемлекеттік университетінің" стадионында, "Жетісу М" ФК (Талдықорған қ. ) мен "Шахтер" ФК (Қарағанды қ. ) Екінші Лига командалары арасында футболдан ҚР біріншілігі өткізілді. Ойынның нәтижесі 2-0 есебімен "Жетісу М" командасы жеңіске жетті, осы ойынға байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің медбикесі Сейтқалымова Диана Сейтнұрқызы және жедел- жәрдем автокөлік жүргізушісі Нуржаханов Сабыржан Ұғарұлы футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.