2021 жылдың тамыз айының 14 жұлдызында Талдықорған қаласының «Жетісу» орталық стадионында «Жетісу» ФК (Талдықорған қ-сы) - «Тұран» (Түркістан обл. ) Премьер -Лига командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатының матчы өтті, ойынның соңында "Жетісу" командасының нөмірі 79 ойыншысы Алексей Михайлов, "Тұран" командасына 1 гол соғып, "Жетісу" командасына жеңіс сыйлады. Осы матчқа орай Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің фельдшері Юлушева Гузаль Салаватовна және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нуржаканов Акылжан футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.