Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының сыртқы ойын алаңында ағымдағы жылдың 25 шілде күні жағажай волейбол ойынына және  марапаттау рәсіміне Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы, Алматы облысы волейбол федерациясының директоры Рашид Тұрсынұлы және Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысты. Жеңімпаздарымызды құттықтап, оларға сәттілік тілейміз! Спортшыларымыздың денсаулығын бақылап отыратын облыстық дəрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің медбикесі Калиманова Әсем Асқарқызы қажетті дəрі-дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен, жарыс басталып аяқталғанша қызметін толықтай атқарады.