Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының сыртқы ойын алаңында 2021 жылғы 23-30 шілде күндері аралығында жағажай волейбол ойыны өткізілуіне байланысты, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің фельдшері Сйткалымова Диана Сейтнұрқызы және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Кенжебеков Есет Әскербайұлы волейбол ойынының қатысушыларына шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды. Бүгінгі ойынға: «Алматы-2» - «Жетісу» командалары қатысып, 0:3 есебімен «Жетісу» командасының пайдасымен аяқталды.