2021 жылдың шілде айының 6 күні «Астана күніне» орай Талдықорған қаласында әлемдік деңгейдегі олимпиадалық жүзу бассейіні іске қосылды. Нысанның салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Парламент Сенаты мен мәжіліс депутаттары, сондай-ақ бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Ермахан Сағиұлы Ибраимов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері - Илья Александрович Ильин сияқты бірқатар чемпион спортшылары қатысты. Салтанатты шарада алдымен сөз алған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов олимпиадалық жүзу бассейіні Астана күні ашылғаны халық үшін, спортшылар үшін тамаша тарту болып отырғанын атап өтті, осыған орай Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігерлері Ахметжанов Айдар Дәулетұлы, Сайлаубаева Сайра Ербайқызы, аға медбике Қыдырбекова Шолпан Кенжебайқызы, медбикелер Қойшыбаева Сәния Қондыбайқызы, Қалықбекова Индира Ертанатқызы және жедел-жәрдем автокөлігінің жүргізушісі Нұржаханов Сабыржан Ұғарұлы қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/842-6-k-ni-astana-k-nine-oraj-taldy-or-an-alasynda-lemdik-de-gejdegi-olimpiadaly-zh-zu-bassejini-iske-osyldy.html#sigFreeIdf214e7d9c7