Алматы облысы Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында  2018 жылдың 04-07 наурыз аралығында дюзодан 1998-1999 жылдары туылған  жасөспірім  ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының  Чемпионаты  басталды.

04 наурыз күні    Валиев Айдос – спорт директоры, Халелов Бауыржан – мандат комиссиясының мүшесі және Облыстық дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің - 2 бөлімінің  бақылау дәрігері Сайлаубаева Сайра Ербаевнаның  қатысуларымен мандаттық  комиссиясының жұмысы, спортшылардың  ресми  салмақ  өлшеуі  ұйымдастырылды.