2021 жылдың мамыр айының 21 жұлдызында Талғар ауданында (Бәйсерке-агро ипподромы) Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерінің «Теңге ілу» және «Жамбы ату» бойынша өткізілетін чемпионатына дайындық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, ШЖҚ «Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансері» МКК-ің директоры Нұржаханов Бақытжан Ұғарұлы жарысқа қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді үйлестірді.