2021 жылдың 12 мамырында ШЖҚ «Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиелік диспансерінде» 12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күні мейрамына орай салтанатты түрде жиын өтті, осыған орай төмендегі көрсетілген қызметкерлер:

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Исаевтан мейірбике Қалықбекова Индира Ертанатқызы, фельдшер Сейтқалымова Диана Сейтнұрқызы Алғыс хатпен марапатталды, ал мейірбике Қойшыбаева Сәния Қондыбайқызына 35 000 теңге көлемінде сыйақы ретінде сертификат тапсырылды.

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша қазақша күрес түрінен бас жаттықтырушысы Е.Иманғалиев арнайы келіп Бақытжан Ұғарұлын және ұжымындағы мейірбикелерді жылы лебіздерімен құттықтап кетті,

ШЖҚ «Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиелік диспансерінің» атынан алғысымызды білдіреміз