2021 жылдың мамыр айының 9 күні Талдықорған қаласының Жетісу орталық стадионында Премьер лига «Жетісу» ФК (Талдықорған қ-сы) - «Ақтөбе» ФК (Ақтөбе қ-сы) командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының матчы өтті, осыған орай спортшылардың медициналық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында, Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Юлушева Гузаль Салаватқызы және медбике Қалықбекова Индира Ертанатқызы футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.

Жарыс көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шаралары сақталып өткізілді.