2021 жылдың Сәуір айының 10 жұлдызында Талдықорған каласы, "Жетісу" стадионының қосалқы алаңында «Жетісу» (Талдықорған қаласы) және «Тобол» (Қостанай қаласы) Премьер-Лига футбол командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының матчы өтті, осыған орай Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі диспансерінің дәрігері Оспанов Мұхтар Валиханұлы және медбике Қойшыбаева Сәния Қондыбайқызы футбол ойындарына қатысушыларға шұғыл медициналық қызмет көрсетіп, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.Жарыс көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.