Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 26 наурызындағы №144-Н « Велосипед спортынан Алматы облысының біріншілігіне қатысушыларға медициналық қызмет көрсету » туралы бұйрығына сәйкес, а.ж. 30 наурыз күні Талдықорған қаласында велосипед спортынан жастар мен жасөспірімдер арасында Алматы облысы біріншілігінің өткізілуіне және марапатталу рәсіміне байланысты, спортшылардың медициналық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында, ШЖҚ "Облыстық дәрігерлік - дене тәрбиесі» ММ-ің фельдшері Балғабеков Темірлан Шегеұлы және медбике Қойшыбаева Сәния Қондыбайқызы қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқарды.