Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, 2021 жылғы облыстық спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, а.ж. 27 наурыз күні Талдықорған қаласының «Өркен», «Жастар», «Жастар-2» және Талдықорған медициналық колледжінде волейболдан командалар арасында ҚР Чемпионатын ұйымдастыру мен өткізу бойынша жұмыс жоспарына байланысты, спортшылардың медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, "Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері" ұжымының медициналық қызметкерлері, қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшіліктерін атқаруда.