2018жылдың 24-25 ақпан күндері Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясының ұйымдасыруымен өткізілген ҚР трофи рейд чемпионатының 1 кезеңі Алматы облысының междуречинск және Ұзынағаш кентерінің аумағында өткізілді.
Осы спорт жарысына Алматы облысының дәрігерлік дене шынықтыру диспансерінің бастығы Нуржаханов Бакытжан Угарович қатысып сол кісінің қолдауымен Іле, Жамбыл аудандарының жедел жәрдем бригадасы жарыс басталып аяқталғанға дейін спортшыларға қажетті дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен кезекшіліктерін ойдағыдай атқарды.