Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Осыған орай Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің ұжымы Қазақстан Республикасында дәстүрлі атап өткізілетін  1 қазанда Қарттар күніне арналған салтанатты іс шараны  ұйымдастырылды.Зейнетке шыққан барлық ардагерлерді ақ дастархан жайып, шапандарын жауып, сыйлықтарын беріп қарсы алды.

Ардагерлерге,  Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін деген ақ ниет тілейміз.

View the embedded image gallery online at:
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/664-0320.html#sigFreeId04cf3adcf4