Әнуар Әлімжанов (1930-1993 ж.) – Алматы облысы Сарқант ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Қоғамдық және саяси қайраткер, атақты қазақ жазушысы, журналист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың және «Лотостың» лауреаты.Жалпы, Әнуар әлемі бүгінгі ұрпаққа еңбекқорлығымен, ба­тыл­ды­­ғымен, қайсарлығымен қым­бат. Оның азаматтық ұста­ным­­дары кезінде тек Одақ кө­лемінде ғана емес, Халықар­алық деңгейде әйгіленді. Талай тартысты жиындарда қа­зақ­тың даңқын аспандатты. Қа­ра­пайымдылығымен, кіші­пейіл­ді­лігімен еліне сыйлы болды. "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді" демекші, бүгінгі күні Талдықорған қаласы, Салтанат сарайында Әнуар атамыздың 90 жылдығына арналған конференция өтті. Осыған орай ОДДТД-і кезекшілік атқарды.