2019 жылдың 12 желтоқсан күні Талдықорған қаласының Олимпиадалық резервінің мамандандырылған облыстық мектеп-интернат-колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектептің үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті.

Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.М. Теңізбаев, А.Кивилев атындағы велоспорттан БЖСМ директоры С.С. Сапажанов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. І.Б. Сағымбеков және мектеп әкімшілігі қатысты.
Шара барысында биылғы жылы спортта үздік нәтижеге жеткен жас спортшыларға мектеп әкімшілігі тарапынан спорттық киім мен мадақтама қағаздар табысталды, және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан Мамұтова Ұлжанай (бокстан Азия чемпионатында 2 орын иегері), Қажібеков Әділет (грек-рим күресінен Азия чемпионы) және Сағымхан Нұржан (еркін күрестен Азия чемпионатында 3 орын иегері) бағалы сыйлықтармен марапатталды.