Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Талдықорған қаласының Ипподромында Балпық би бабамыздың 325 жылдығы және "Орбулақ шайқасы" тарихи қойылымы өтті.Алматы облысының әкімшілігінің қолдауымен өткен іс шараға 10 алаңнан тұратын көрініс болды.
Тарихи қойылымды тамашалауға келген қонақтар ұлттық ойындардан өзге әскери техника көрмесі, «Алтын орда» ортағасырлық алаңы, «Bal bala» балалар алаңы, батырлар қақпасы, құсбегі шоу көрінісінің куәгері болды. Сонымен қатар «Bayyrsaq Party» және «Qymyz BAR» қойылымдарын тамашалады.
Аталған іс-шараға Алматы облыстық Денсаулық сақтау саласының мамандары да ат салысты.
Орбұлақ шайқасы – 1643 жылдың жазында Жәңгір сұлтан басқарған 600 қазақ жауынгері мен 50 мың жоңғар қолын басқарған Эрдэни батыр қонтайшы арасындағы шайқас Оқиға Жетісудың қазіргі Жаркент өңірінде өткен. Талдықорғандағы театрландырылған қойылым жетісулық жастардың отансүйгіштік қасиетін жаңа қырынан көрсеткендей болды.Осы қойылымның басталып аяқталғанына дейін Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері толықтай кезекшілік атқарды.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/599-orbula-shaj-asy-tarikhi-ojylymy.html#sigFreeId9a25d2ae02