ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында республикалық «Алтын Қыран 2019» жобасы қолға алынған болатын. Жоба аясында республикалық «Біздің Депутат» қоғамдық-саяси газетінің бастамасымен облыс, қала әкімдерінің, мәслихат хатшылары мен халық қалаулыларының басын қосқан «Алтын Қыран 2019» энциклопедиясының 1-томы жарық көрді. Аталмыш еңбекке өңіріміздің денсаулық сақтау саласында сүбелі еңбек сіңірген Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы ММ ШЖҚ "Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері" МКК директоры Нуржақанов Бақытжан Угарович еніп, «Алтын Қыран 2019» арнайы медалімен марапатталды. Сонымен қатар осы ұжымның бөлім меңгерушісі Какимова Карлығаш Какимовна және бас бухгалтері Джумагалиева Зинаида Нурпейсовна алғыс хаттармен марапатталды. Әріптестері шын жүректен құттықтайды.
Айта кетерлігі, елеулі еңбегімен қажырлы қызметі жолында Бақытжан Нуржаханов ҚР денсаулық сақтау министрлігінің , Алматы облысы спорт басқармасының құрмет грамоталарымен, Талдықорған қаласы әкімінің , Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының атынан "Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін" төс белгісі табыс етілген . Мұнымен қоса ол Ұлттық сертификат бойынша "Үздік жыл жетекшісі" мәртебесіне , Алматы облысы әкімінің "Үздік менеджер-денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушысы" атты номинациясын иеленген.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/595-altyn-yran-2019.html#sigFreeId376bb54c8c