Бүгін Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған еркін күрестен ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев , Қоғам қайраткері Серік Абдрахманұлы Абдрахманов, Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығының директоры Маулен Сатымбайулы қатысты. Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан 12 командада 180 спортшы бақ сынайды. Жарыс 3 күнге созылады. Осы жарыстың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің бригадасы қажетті дәрі дәрмектерімен толықтай кезекшілік атқарады. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.