2017 жылғы 3-8 желтоқсан күндері аралығында садақ атудан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған Алматы облысының ашық турнирі ұйымдастырылып, Талдықорған қаласының «Еңбек» спорт залында өткізілуде. Осыған орай, қатысушыларға облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің шұғыл медициналық кезекшілік бригадасы көмек көрсетуде.