Спорт күні  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті   Нурсултан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес  тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 

Спорт саласы Қазақстанда  кең қолдануға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын  кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді  ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде.    Бүгінгі күні,  Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  спорт мерекесі  күніне  арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты  жиынның қадірлі қонағы  Алматы облысының маслихат  хатшысы Султан Дүйсенбінов және спорт басқарамасының басшысы Нурбақыт Теңізбаев қатысты. Сонымен қатар  спортқа еңбегі сіңген спортшылар мен спорт қызметкерлері    бірқатар марапаттарға ие болды.  Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің  директоры  Бақытжан Нуржахановқа   Алматы облысы әкімі А. Баталовтан құрмет граматасы   тапсырылды. Барлық спортшылар мен спорт сүйер қауымды  мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.