2019 жылдың маусым айының 18-19 жұлдызында Талдықорған қаласы «Жастар» спорт сарайында Алматы облысының V Жазғы Паралимпиадалық ойындары ұйымдастырылуда.
Осыған орай облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансері «Жастар» спорт сарайында , тірек-қимыл қозғалыс аппараттары және көру мүшелері зақымдалған мүгедек спортшыларды тереңдетілген толық медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын 2 күнге жоспарлады. Мүмкіндіктері шектеулі жандар стоматолог, травматолог, невропатолог, гинеколог, офтальмолог, отоларинголог , мамандарынан толық қанды кеңестер алып, зертханашыға қан , зәр талдауларын өткізді. Жарысқа облыстан 17 команда, 521 спортшы қатысуда. Жарыс жеңіл атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, отырып ойнайтын волейбол, үстел тенисі, жүзу,оқпен ату спорт турлерінен өтеді. Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Мүгедектерге арналған облыстық мамандырылған спорт мектебі» мекемесінің директоры Бактыбаев Ерлан Шәкіртұлы және Рио-де Жанейро қаласындағы пауэрлифтингXV жазғы паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері ҚР «Еңбек сіңірген спорт шебері» Қойшыбаева Раушан Заутбайқызы қатысты. Жарысқа қатысушыларға сәттілік мықтыларға жеңіс тілейміз.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/564-8525825852.html#sigFreeId6590ec3547