2019 жылдың 11 маусым күні Талдықорған қаласының жоғары медициналық колледжінің спорт залында Денсаулық сақтау мекемелері арасында «Медицина қызметкерлері күніне» арналған спартакиада өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатының қадірлі қонақтары облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақ Бауыржан Ербозымович, "Сенім" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғам бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Исаев Айбол Арыстанбаевич және де денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің бас дәрігерлері қатысты. Қызметкерлер жүзу, шағын футбол сонымен қатар волейбол (ерлер әйелдер) командалары арасында өтті. Барлық қатысқан командаларға марапаттау грамоталары және "Сенім" кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Осы спартакиаданың басталып ақталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің бригадасы қажетті медициналық бұйымдарымен толықтай қызмет атқарды.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/559-66969668.html#sigFreeId74f6adf200