Талдықорған қаласы Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қызметкерлері Мейірбике күнін мерекеледі.
Өткен салтанатты жиналыста диспансер директоры Нұржаханов Б.У. және дәрігерлер орта медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан үлестері ерекше атап өтті.Сондай ақ бір қатар мейірбикелер облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасынан, "Сенім" Кәсіподақ ұйымынан атынан алғыс хаттар алды.Мейірбикелерді шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймыз.