2019 жылдың сәуір айының 19-20 жұлдызы аралығында Алматы облысы медициналық ұйымдарының арасында спартакиада жарысы өткізілуде.
Спартакиаданың ашылу салтанаты Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің спорт залында өтті. Медициналық қызметкерлер арасында дене шынықтыру белсенділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ тұрғындар арасында салауатты өмір сүруді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Ашылу салтанатының қонақтары облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ө. Ниязбеков, "SENIM" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кіәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы А. Исаев , ШЖҚ Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің директоры С. Жансенгиров және ШЖҚ Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің бастығы Б. Нуржаханов қатысты. Спартакиада: Волейбол әйелдер командасы, шағын футбол ерлер командасы, Президенттік тест нормаларын тапсыру және жүзу спорт түрлерінен өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік !!!
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/510-525872875.html#sigFreeIda46f43d9fa