Ағымдағы жылдың 28-29 наурыз күндері Қызылорда қаласында Денсаулық сақтау саласының оңтүстік өңірлік «Мәңгілік ел – Салауатты ұрпақ» атты жастар форумы өткізілді.
Форумға Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облыстарының медицина саласының 150 жас мамандары қатысты. Форум екі күнге созылды. Форум аясында Кәсіподақтағы көшбасшылық мотивациялық сессиясы, семинар-тренинг, секциялық жұмыстар, жастарға арналған түрлі көңілді шаралар ұйымдастырылды. Форум "SENIM" денсаулық сақтау саласы жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" РҚБ ұйымдастыруымен, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өтті. Форум қаламыздағы "Жан-Арай" кешенінде өткізілді. Мотивациялық сессияға «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенов Сапарбек Серікұлы, ДСББ Алназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, республикамыздың барлық облысы мен қалаларынан облыстық кәсіподақ ұйымы төрағалары мен төрайымдары белсене қатысты. Оңтүстік өңірлік денсаулық сақтау саласындағы жастарды қолдауға бағытталған «Мәңгілік ел – Салауатты ұрпақ» жастар форумының салтанатты шарасында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан 500 000 мың теңге ақшалай сертификаты төмендегі Алматы облысындағы медициналық қызметкерлерге табысталды:
- Алматы облыстық онкология диспансерінің медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Атанаев Дархан Сеилханович.
- Алматы облыстық кардиологиялық орталығының дәрігер кардиореаниматологы
Борикулов Нурдаулет Молдасейтович.
- Қаратал орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері Абдильданов Арман Женисұлы.
- Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Асанова Сайяра Долкунжановна.
Ал Құдайбергенова Әсем Маратханқызы – Алматы облысы, Көпбірлік ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігеріне ноутбук сыйға берілді.
Денсаулық – зор байлық. Аурудың емін іздемей, ауырмаудың ебін іздейік ағайын. Денсаулық сақтау саласының оңтүстік өңірлік «Мәңгілік ел – Салауатты ұрпақ» жастар форумы жоғары деңгейде өтті.Аталған форумға облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің бөлім маманы Байтурганова М.А. қатысып қайтты.
https://ovfd.kz/kz/novosti-kz/492-48562313213.html#sigFreeId9fa480bd0c