2018 жылдың қазан айының 23-27 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласының "Жастар" спорт сарайында жастар арасында бокстан "Жетісу кубогы" ХVI халықаралық турнирі басталды. Турнирге Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Тəжікстан, Қырғызстан мемлекетімен қоса еліміздің барлық аймағынан 200 жуық боксшы қатысады. Жарыстың ашылу салтанатына Алматы облысы əкімінің орынбасары Ақан Əбдуəлі, Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тенизбаев Н.М. қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі. Осы жарыстың басталып аяқталғанына дейін облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансері қажетті дәрі дармектерімен медициналық бұйымдарымен кезекшілігін толықтай атқарады.