2018 жылдың қазан айының 11-12 жұлдызы күні медицина қызметкерлерінің арасында Астананың 20 жылдығына орай спартакиада ұйымдастырылды.
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің спорт залында ашылу салтанатты өтті. Ашылу салтанатының қадірлі қонақтары: Облыстық аурухананың бас дәрігері Рахметов М.Қ., Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің директоры Нуржаханов Б.У., Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры Жансенгіров С.М., "Senim" кәсіподақ төрайымы Исаев А.А. мырза қатысты. Спартакиада Үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу, волейбол, шағын футбол ерлер, әйелдер командалары арасында өткізілді. 11 қазан күні, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат ойындары бойынша жеңімпаздар анықталып оларға мақтау қағаздарымен сыйлықтар берілді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.