2018 жылыдың қыркүйек айының 14 жұлдызында қала күні мерекесіне орай,"Жетісу" стадионында мектеп оқушылары арасында "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды. Фестивалдің ашылу салтанатына Грек рим күресінен Қ.Р. еңбек сіңірген спорт шебері бірнеше дүркін ҚР. Чемпионы, Азия чемпионы, Əлем чемпионатының қола жүлдегері, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев, Талдықорған қаласының дене шынықытру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев қатысты. Осы фестивалдің басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі- дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарды.