Талдықорған қаласының "Салтанат сарайында" ағымдағы жылдың 07 тамыз күні Ұлттық Олимпиада Комитетінің директоры Қанағатов Ельсияр Баймухамедұлының төрағалығымен облыстағы олимпиадалық спорт түрлерінің дамуы және спорт түрлерінің саралау жағдайы төңірегінде жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа, Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Чарапиев Т.Т., облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансерінің директоры Нуржаханов Б.У. және аудандық, қалалық денешынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, спорт мекемелерінің директорлары, облыстық спорт федерациясының президентері қатысты.