2018 жылдың маусым айының 07 жұлдызында Талдықорған қаласының "Жастар"спорт сарайының еркін күрес залында еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Сонымен қатар Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқрамасының басшысы Т. Чарапиев мырза облыстық дəрігерлік дене шынықтыру диспансерінің қызметкерлерін халықаралық республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстарда жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсеткені үшін, ақ халатты абзал жандардың еңбегіне сүйсініп мадақтама граматасын тапсырды. Осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік дене шынықтыру диспансері қажетті дəрі дəрмектерімен керекті құрал жабдықтарымен кезекші бригадасы толықтай қызметін атқарды.